Халықтың жалпы қарызы 22 млрд теңгеге жуықтады
Жылдан-жылға қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі көбейіп барады. Бұл ақпаратты елдегі экономика және қаржы нарығына шолу жасайтын Ranking.kz сайты жариялады.
Биыл сәуір айының соңындағы санақ бойынша, халықтың қарызы 21,7 трлн теңгеге жеткен. Былтырғымен салыстырғанда 22 пайызға жоғары. Бүгінде ипотека, автонесие, бөліп төлеу сияқты дүниелер ел тұрғындары үшін үйреншікті жағдайға айналды. Бірақ қаржылық сауаттың жетіспеуі мен асығыс шешім қабылдаудың салдары бар, дейді мамандар.
Бауыржан Ысқақ, экономист:
Алған несиеңіз сіздің айлық табысыңыздың 40 пайызынан аспауы керек. Табысыңыз 100 мың теңге болса, 40 мың теңге сіздің несиеңізден аспауы керек. Екіншіден, алған несиеңізді рәсімдеу кезінде міндетті түрде келісімшартқа қарау керек. Ұсақ әріппен жазылады. Яғни, сізге жазылатын айыппұлдар, басқаның барлығы. Осылардың бәрін анықтап, өзіңіздің құқыңызды қорғайтындай жағдай жасау керек. Одан кейін міндетті түрде кем дегенде 3-4 банкке баруыңыз керек. Оларды шарттарды қарап, араларындағы ең тиімді несие ставкасын ұсынатындарды қарау керек.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер»-«Қайрат» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
04.11.2025, 20:38
Үш футбол клубы жекешелендіріледі
04.11.2025, 20:36
Жүзу спорты мектеп бағдарламасына енгізіледі
04.11.2025, 20:33
Көне кітаптарды қалпына келтіру үшін қолмен қағаз құю әдісі тәжірибеге енгізілді
04.11.2025, 20:29
Енді Кавказ бен Оңтүстік Азия елдеріне жөнелтілетін отандық өнімдердің көлемі 2 есе артпақ
04.11.2025, 20:27
Қазақстан мен АҚШ геологиялық және цифрлық ынтымақтастықты күшейтеді
04.11.2025, 20:23
Астанада көлік дөңгелегін ауыстыру құны қанша?
04.11.2025, 20:23
Ақмола облысында жазғы дөңгелекпен жолға шыққан жүргізушілер кері қайтарылды
04.11.2025, 20:20