«Интер»-«Қайрат» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
Қарашаның 5-інен 6-сына қараған түні Миланда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші матчы өтеді. Онда италиялық «Интер» клубы біздің «Қайратты» қабылдайды. Қос команданың қазіргі көрсеткіштері қандай?
«Интер» кестеде 9 ұпайын таза алып отыр. Италиялық клуб негізгі раундта бірде-бір гол жібермей, үш ойында жеңіске жетті. «Қайрат» соңғы турда кипрлік «Пафоспен» тең түсіп, қоржынға жалғыз ұпайды салды.
Ерсін Ерік, спорт комментаторы:
«Қайрат» командасы Миланда жүр. Әйгілі «Сан-Сиро» стадионда спортшыларымыз өнер көрсетеді. Қарсылас азулы әрі бабында. Дегенмен жанкүйерлер «Қайратқа» сеніп отыр.
«Интер» - «Қайрат» матчы Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:00-де басталады. «Qazaqstan» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16