Маңғыстауда жайылымдық жерді шегіртке жайлап барады
Маңғыстауда жайылымдық жерлерде саяқ шегірткелер анықталды. Жәндіктер Маңғыстау, Бейнеу және Мұнайлы аудандарының аумағында шамамен 11 мың гектар аумақты жайлаған. Құзырлы орган жергілікті әкімдіктерге сол жерлерге химиялық өңдеу жасауға нұсқама берді. Әзірге тек 530 гектар аумақ өңделген. Мамандар бұл көрші облыстан келген шегірткелер миграциясы екенін айтады. Егер саяқ шегіртке жаппай жайласа, төрт түліктің азығы - жусанды құртып жіберуі мүмкін.
Жолдас Сағынғали, облыстық өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы:
Біздерге бірен-саран шаруашылықтан шағым түсіп жатыр. Әдістемелік орталығының мамандары айтылған жерлерге барып, анықтап, жұмыстар атқаруда. Бейнеу ауданы бойынша 4 мың гектар, Сайөтес Маңғыстау ауданы бойынша 4 мың гектар. Мұнайлы ауданы бойынша 30 гектар саяқ шегіртке анықталған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00
Онкологияға шалдыққан науқастарға 150 түрлі заманауи препарат қолжетімді
18.09.2026, 09:59
Алматыда бір аптада ЖРВИ ұқтырғандар 8,8%-ға көбейген
18.09.2026, 09:58
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01