Алматыдағы ХХҚКО цифрландыру жүйесін тиімді енгізіп, сапалы әрі жылдам қызмет көрсетуге көшкен
Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары цифрландыру жүйесін тиімді енгізіп, сапалы әрі жылдам қызмет көрсетуге көшкен. Қаладағы 4 мамандандырылған орталықта күн сайын 4 мыңнан аса адамға қызмет көрсетіледі екен. Цифрлық шешімдердің арқасында ұзын-сонар кезек те азайған. Бұл – уақыт үнемдеуге де мүмкіндік берді дейді тұрғындар.
Жазира Оразқызы, тілші:
Енді ХҚКО-на келсеңіз, қағаз талон алудың қажеті жоқ. Бастысы, ұялы телефоныңызда осы орталықтың мобильді қосымшасы болса, жеткілікті. Мен талон алу үшін QR-кодты енгіземін. Өзіме қажетті қызметті таңдаймын. Нөмер берілді. Кезегімді экран арқылы күтемін.
Нұрсұлтан Жолаев, №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының маманы:
Сәлеметсіз бе! Біз мемлекеттік қызмет алу жүйесіндегі ашықтықты және заңсыз әрекеттерге жол беретін адами факторды жойдық.
- Егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса?
- Ақпараттық жүйе автоматты түрде тосқауыл қояды.
Жазира Оразқызы, тілші:
Орталықтағы тағы бір жаңащылдық – жүргізуші куәлігін алу кезінде 073 медициналық анықтамасын қағаз түрінде ұсынудың қажеті жоқ. Енді бұл қызмет те цифрландырудың арқасында жеңілдеді. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері біріктірілді. Соның арқасында құжат автоматты түрде деректер базасына енгізіледі.
Жазира Оразқызы, тілші:
Бұл бастамалар ауқымды цифрлық трансформацияның бір бөлігіне айналды. Бүгінде мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталынан, ХҚКО және екінші деңгейлі банк қосымшаларынан да алуға болады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
900 мың адам ЖИ технологияларын меңгерді
27.01.2026, 20:55
БҚО-дағы Бірлік ауылында халық жылдар бойы күткен кірме жол салынды
27.01.2026, 20:51
ДСМ: Медициналық туризмнің дамуы қарқынды
27.01.2026, 20:47
Үкімет «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекітті
27.01.2026, 20:32
Қазақстандағы реформалар елді трансформациялауға бағытталған
27.01.2026, 20:18
Конституциялық реформа – ел дамуына бастайтын қарымды қадам
27.01.2026, 20:17
Сирек металдар стратегиялық маңызды ресурсқа айналды
27.01.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
27.01.2026, 20:13