Басты Жаңалықтар Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді

Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді

Тараз қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқықтық дәріхана» акциясы ұйымдастырылды. Мамандар тұрғындарға қолданыстағы заңнаманы түсіндіріп, азаматтарға құқықтық қолдау көрсетті. «MART» ойын-сауда орталығында ұйымдастырылған шарада прокуратура мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері тұрғындарды қабылдап, құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді. Бұл бастама халықпен тікелей байланыс орнатып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Арманжан Әбдібеков, қалалық Прокуратураның аға прокуроры:

Іс-шара барысында Тараз қаласының тұрғындары өздерінің әртүрлі әлеуметтік, экономикалық саладағы мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға, прокуратура органдарына жүгініп, өздерінің сұрақтарына жауап алуда. Аталған акция барлық өңірлерле өз жалғасын табуда.

Акция аясында тұрғындарға түрлі бағыттар бойынша білікті құқықтық кеңестер берілді. Мамандар азаматтардың өтініштерін қарап, әлеуметтік, мүліктік және өзге де мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бір күн ішінде 200-ден астам азаматтың сауалы қаралып, 50-ден астам мәселе шешімін тапты. Қоғамдық қабылдау тұрғындарға құқықтық кеңес алуға және мәселелерін заң аясында реттеуге мүмкіндік берді.

Асқар Тұрғанбаев, қала тұрғыны:

Прокуратураға өзімнің үй құжаты туралы сұрақтарыммен келгенмін. Қанағаттандым, үлкен көмектері тиді. Бәрін түсіндірді.

Бөлісу