Президент Ақтөбе облысына барды
Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде өтетін «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашып берді. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның жастары қатысып жатыр. Одан бұрын Президент Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті. Биыл қазақтың қайсар қызының туғанына 100 жыл. Ескерткіш басында Мемлекет басшысы Ақтөбе жұртшылығымен де тілдесіп, қазіргі алмағайып заманда бірлікті, татулықты сақтау өте маңызды екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Әлия Молдағұлова – халқымыздың қайсар қызы. Бүгін 100 жылдығына орай арнайы келдім. Бұл ең алдымен азаматтық борышым. Тағзым ету үшін келіп отырмын. Баршаңызға көп рақмет. Әлияның есімін халқымыздың арасында, шетелде кең ауқымда дәріптеуіміз керек. Ол – біздің мақтанышымыз. Сондықтан оның есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10