Елордада БАҚ өкілдері арасында бильярдтан турнир өтіп жатыр
Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында, Астанада Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған бильярд турнирі өтіп жатыр. 2009 жылы жазушының өзі ұйытқы болып басталған сайыс, биыл 14-мәрте ұйымдастырылды. Дәстүрлі додаға 40-қа жуық БАҚ өкілі жиналған. Одан бөлек, Төлен Әбдік, Қойшығара Салғара сынды белгілі жазушылар да келді. Бұл жолы алдыңғы буын өкілдері мен жастар болып бөлінбей, қос дәуірдің адамдары бір ойын үстелінде бақ сынасты.
Қайрат Сақ, ЕҰУ Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры:
Ойымыз ағалар мен жастар бір болсын деген. Ағалардың әңгімесін тыңдасын, өнегесін көрсін, мәнерін үйренсін, әңгімесін тәжірибесін алсын деген мақсат еді. Бұл дәстүр журналистер арасында кең таралған. Журналистер осыған жыл бойы дайындалады.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18