Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен 13 елді мекен ауыз сумен қамтылады
Елімізде мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 333 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның 12-сі Түркістан облысының Келес ауданында. Атап айтқанда, 5 млрд теңгеге жуық қаражатқа Жүзімдік, Бірлік және Ақтөбе ауылдық округтеріндегі 13 елді мекен таза ауыз сумен қамтылады. Қазір мердігер мекемелер анықталып, ұңғыма қазу мен құбырлар тарту жұмыстары басталып кетті. Жобалар аяқталған соң 13 мыңнан аса халық тұрақты түрде тіршілік нәрін тұтына алады. Мұндай жаңалыққа әсіресе судан тарыққан ауыл тұрғындары қуанып отыр.
Серік Жақсылықов, Көгерту ауылының тұрғыны:
Осы кезге дейін тасып іштік көрші ауылдан. Аптасына 200 литр су аламыз. Ол жетпейді. Енді ауылға су келсе, дұрыс болар еді. Осы бір-екі айдың ішінде береді дейді суды. Берсе осы суды пайдаланар едік есіктің алдында өзіміз.
Алмас Абдуллаев, Келес аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
2024 жылы қаржы болмауына байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген жоқ. Ағымдағы жылы сол активтер есебінен қаржы қаралуына байланысты құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұның өзі ауданға үлкен көмек болып тұр. Бұл қаржы келмеген жағдайда біраз жылға күтуге тура келетін еді.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Отбасы және неке ұғымы Конституциялық деңгейде күшейтіледі
28.01.2026, 17:30
Реформа: Конституция мәтінінің 84%-ы түзетіледі
28.01.2026, 17:27
2300 адам жол апатынан қайтыс болған
28.01.2026, 17:24
Түркі елдері табиғи апат кезінде жоспарды бірге құрады
28.01.2026, 17:21
Алтын бағасы алғаш рет 5300 доллардан асты
28.01.2026, 17:18
Трамп: Әкімшілік Миннесотадағы шиеленісті бәсеңдеткісі келеді
28.01.2026, 17:15
Ресей ажырасу бойынша әлемде 3-орынға шықты
28.01.2026, 17:12
Маңғыстау облысында нәресте өлімі азайды
28.01.2026, 17:09