Ақын Бауыржан Қалиолланың «Жан тебіреніс» атты шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Бауыржан Қалиолланың «Жан тебіреніс» атты шығармашылық кеші өтті

18.05.2018

Онда елімізге белгілі сөз зергерлері өрнекті өлең оқып, алматылық талғампаз көрерменді маржан сөзбен сусындатты. Бауыржан Қалиолла айтыс өнерімен бірге қазақ поэзиясының қоржынына сүбелі дүние салып жүрген қарымды қаламгер.

Өлеңде ешкімге ұқсамайтын өзінің өрнегі, соқпақты сүрлеуі және ерекше мәнері бар. Осы себепті тағылымды өлеңдерін ақынның өзі оқығанын алматылықтар жырсүйер қауым асыға күтеді. Себебі, мұнда ақынды ортаға алып, алаңсыз тыңдайтын дәстүр қалыптасқан. Сондықтан, қаумалап келген көпшілікке Бауыржан Қалиолла қоғамның бүгінгі көрінісін суреттеген тың туындыларын тарту етті.     

Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері:

- Бір жақсы кеш болды. Бауыржан жақсы, жұғымды ақын. Оның өлеңдері халыққа жеткен. Сахнадан, айтыстан көрініп келе жатқан үлкен ақындарымыздың бірі.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу