Оралда ақын Бауыржан Халиолланың «Жан тебіреніс» атты жыр жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда ақын Бауыржан Халиолланың «Жан тебіреніс» атты жыр жинағы жарық көрді

27.02.2018

Өлең десе, елең ете қалатын оқырманға Жайықтағы ақынның есімі жақсы таныс. Жаңа туынды 5 бөлімнен тұрады. Онда ақынның таңдамалы өлеңдері мен әлі сиясы кеуіп үлгермеген шығармалары, арнаулары енген. Айтыс пен поэзияда өзіндік қолтаңбасы бар ақын соңғы кездері сазгерлік қырымен де танылып келеді. Кеш барысында жергілікті өнерпаздар оның әндерін шырқады.

Хабарламаларға жазылу