Астанада Есенғали Раушановтың кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Есенғали Раушановтың кеші өтті

17.08.2017

«ЭКСПО» көрмесі аясында «Шабыт» шығармашылық сарайында белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Есенғали Раушановтың «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті. Шара Алаштың ардақты ақынының мерейлі 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылып отыр. Кешке Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және белгілі ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Шарада ақынның сөзіне жазылған әндер айтылып, театрлық  қойылымдар көрсетілді. Сонымен бірге, ақынның ізін қуған жастар автордың жырларын жатқа оқыды.

Хабарламаларға жазылу