The Hill басылымы: Қ.Тоқаев БҰҰ-ын көпжақты модернизациялау арқылы күшейтуді ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ын көпжақты модернизациялау арқылы күшейту туралы ұсынысын Американың The Hill басылымы жариялады.
Мақалада Қазақстан Президентінің жаһандық басқару жүйесіне алаңдаушылық білдіргені айтылады. Сондықтан өңірлік мәселелерді мүдделі орта державалардың шешуіне мүмкіндік беруді ұсынды дейді.
Мысал ретінде Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының ашылуын келтірген.
Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев аталған құрылыммен жақсы таныс. Президент 2011-2013 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары және ұйымның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметтерін атқарған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04