Алматыда композитор, «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың фотоальбом-кітабының тұсаукесері өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұңғыш рет жарық көрген жинаққа оның отансүйгіштікті, туған өлкені жырлайтын әндері, өмірінің әр кезеңін қамтитын фотошежірелер, достары мен замандастарының естеліктері кірген.
Ал, «Аманат» атты бөлімінде композитордың қолданған заттары, киімдері, пианиносы, мүштегі, бөркі мен шапанының суреттері жинақталған. Бұл ауқымды топтама студенттер мен оқушылар және өнерсүйер оқырманға арналған.
Қалдыбек Құрманәлі, жоба авторы, композитор:
- Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халыққа қажет керемет дүние деп ойлаймын. Шәмші әндерін сүйетін халық, жалпы, мәдениет, өнер саласы болсын, хас өнерге табынушыларға арналған ғажап дүние деп есептеймін.
Амангелді СЕЙІТХАН