Басты Жаңалықтар Каспийдегі қайғылы оқиға: Әр лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді

Каспийдегі қайғылы оқиға: Әр лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді

Каспийдегі қайғылы іс бойынша жағдайды Үкіметтік комиссия тексеріп жатыр. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев тергеу барынша мұқият, жан-жақты әрі қысқа мерзімде жүргізілетінін жеткізді. Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап беретінін айтты. Сондай-ақ мемлекет қаза тапқандардың отбасыларын жалғыз қалдырмайды деді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Үкіметтік комиссия төрағасы:

Тергеу барынша мұқият, жан-жақты әрі қысқа мерзімде жүргізіледі. Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап береді. Мемлекет қаза тапқандардың отбасыларын жалғыз қалдырмайды. Қаза тапқан әрбір әскери қызметшінің отбасына қомақты материалдық көмек беріліп, сондай-ақ барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Тергеу барысы мен отбасыларға көмек көрсету жұмысын жеке бақылауымда ұстаймын.
 


Бөлісу