Шоқан Уәлихановқа арналған кезекті кітап шықпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шоқан Уәлихановқа арналған кезекті кітап шықпақ

16.04.2018

«Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы». Биыл Қазақ Ұлттық географиялық қоғамы осындай атауымен кітап шығармақ. Бұл туралы бүгін аталған ұйымның Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында айтылды. Ұлттық географиялық қоғам бес жылдан бері Шоқан Уәлихановтың өмір жолын терең зерттеумен айналысып келеді. Бұған дейін де «Ұлы Шоқан Уәлихановтың жолымен» атты кітап шығарған. Кітап үш тілде шығып, онда Ш.Уәлихановтың Қашғарияға сапары туралы толық жазылған еді. Ал биыл шығатын кезекті кітап ғалымның өмірі мен мұрасына арналмақ. Қазақ Ұлттық географиялық қоғамы бұдан бөлек, алдағы айда тағы бірнеше жобаны қолға алған.

Нұржан Алғашов, Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының менеджері:

- Жалпы біз 7000 км.  жол жүреміз. Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің территориясынан өтеміз. Негізгі үш мақсатымыз бар. Бірінші, Арал теңізінің мәселесін көтеру. Екінші, Арал теңізі мен өңіріндегі туризмді дамыту және үшінші ең басты мақсатымыз - суды зерттеу.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу