Үлкен Джордж Буш туралы кітап оқырманға ұсынылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үлкен Джордж Буш туралы кітап оқырманға ұсынылмақ

31.07.2014
Үлкен Джордж Буш туралы кітап оқырманға ұсынылмақ

АҚШ-тың 43-ші президенті кіші Джордж Буш әкесі, Американың 41-ші президенті үлкен Джордж Буш туралы кітап жазып шықты.  Кітап 2014 жылдың қараша айында оқырман қауымға ұсынылады.

«Джордж Герберт Уокер Буш - ұлы мемлекеттік қызметкер, саясаткер және әке. Оның өмір тарихын жазып шығу маған ұнады және оқырмандардың барлығына да ұнайды, деп ойлаймын», - дейді кіші Джордж Буш.

Кітапта президенттің өмірі мен қызметтік мансап жолы кеңінен қамтылған. Кітапты басып  шығаратын Crown баспа үйінің ақпаратына сүйенсек, кітап 11 қарашада, АҚШ-тағы ардагерлер күнінде оқырманға ұсынылатын болады. 300 беттік кітаптың алғашқы таралымы 1 миллион дананы құрайды. Сонымен қатар, кітаптың аудио нұсқасы да жарыққа шықпақ.

Хабарламаларға жазылу