Бүгін – Сәбит Мұқановтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Сәбит Мұқановтың туған күні

22.04.2016
Бүгін – Сәбит Мұқановтың туған күні

Ол қазақ әдебиетінде роман жанрының дамуын биік шыңға көтерді. «Жұмбақ жалау» (кейіннен «Ботакөз») романында революциялық аласапыран кезді басынан өткерген қазақ әйелінің тағдыры бейнеленсе, «Сырдария» романында Соғысы кезіндегі тылдағы еңбекшілердің қайсарлығы, халықтар достығы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан үндестік сөз етілген.

«Аққан жұлдыз» дилогиясы әйгілі ғалым Шоқан Уәлихановқа арналған. «Өмір мектебі» трилогиясында автор өз ғұмырын кезең-кезеңмен әңгімелей отырып, қазақ халқының жарты ғасыр бойғы тарихының да шыншыл шежіресін жасайды. Шығармалары ТМД және шетелдің бірқатар тілдеріне аударылған.

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Екі рет Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Хабарламаларға жазылу