Өзбекстанда шегіртке қаптап кетті
Өзбекстанда шегіртке шабуылы толастамай тұр. Диқандарды алаңдатқан зиянкес жәндік бүгінде елдің барлық аумағына дерлік жайылған. Әсіресе «Сексеуіл бүкір» шегірткесі жасыл желекті жайпап барады. Дәрілеу жұмыстары жүргізілсе де, бой берер емес.
Қазақстанмен шектесетін облыстарда да алқаптарға ауыз салған. Бүгінге дейін 680 мың гектардай аумақта зерттеу жүргізіліп, 390 мың гектар жер арнайы өңдеуден өтті. Мыңнан астам бүркігіш техника алқаптарда дәрі шашып жүр. Биыл көрші ел зиянкеспен күресу шараларына дрондарды да пайдалануға көшкен. Жергілікті тұрғындар шегірткенің шабуылы тоқтамаса, шығынға ұшыраймыз ба деп алаңдаулы. Өсімдік қорғау мамандары жағдай бақылауда дейді.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ербол Хамитовтың ата-анасы жанкүйерлерге алғыс айтты
11.03.2026, 10:22
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
11.03.2026, 10:18
«Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты»
11.03.2026, 10:17
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
11.03.2026, 10:16
Бүкіләлемдік энергетикалық саммитте Қазақстанның ұстанымы айтылды
11.03.2026, 10:14
ХЭА резервтен ондаған млн баррель мұнай шығаруды ұсынды
11.03.2026, 10:13
Соғыс басталғалы Иранда 1300-ден астам адам қаза тапты
11.03.2026, 10:12
Президент БАӘ аумағына жасалған шабуылды айыптады
11.03.2026, 10:10