Сарапшылар: AIF – жаһандық диалогтың жаңа алаңы
5 мыңға жуық адам қатысып жатқан үлкен халықаралық форум. Астанада түрлі ел басшылары, бақ өкілдері мен инвесторлар, сондай-ақ саясаткерлердің басы қосылды. Дәл қазір елорда төрінде сыртқы саясат, халықаралық қауіпсіздік, экономика мен қаржы саласы төңірігендегі мәселелер және перспиктивалары талқыланып жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Әлемде геосаяси жағдай күрделі кезеңде жаһан елдері үшін диалог алаңын ұсыну Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін тағы бір мәрте көтерді. Форумға қатысып жатқан шетелдік саясаткерлер осылай дейді. Ауқымды жиынды ашып берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы мәліметтерге сай, 52 мемлекеттің қарулы қақтығыс жағдайында тұрғанын айтты. Салдарынан 19 триллионнан астам шығын келген. Бұл - әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 13 пайызы. Сондықтан Президент саналы әрі өркениетті қоғам құру маңызды деді. Өйткені бүгінде 9 елдің арсеналында 13 мың ядролық қару бар. Сарапшылар оны қолданудың ықтималдығы артып келе жатқанын айтып, дабыл қағып отыр. Әлбетте, салдары өте ауыр болатыны хақ. Мәселен, қазақтандықтар елде жасалған 450 ядролық сынақтың зардабын әлі күнге тартып отыр. Астана халықаралық форумында сыртқы саясат пен халықаралық қауіпсіздіктен бөлек, энергетика және климат, экономика мен қаржы саласы да кеңінен талқыланып жатыр. 5 мыңға жуық адам қатысып жатқан жиында 39 панельді және 10 экслюзив сессия өтеді деп жоспарланған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10