«Қызыл деңгей» фильмі жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қызыл деңгей» фильмі жарық көрді

02.04.2018

Елімізде алғаш рет экстремистік топтар мен арнайы қызметтердің қақтығысын қамтыған көпсериялы фильм жарық көрді. «Қызыл деңгей» деп аталған туынды ұлттық қауіпсіздік тақырыбын қаузай отырып,  бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселені фильмге арқау еткен. Сериал мазмұны елімізде соңғы жылдары болған қайғылы оқиғаларға негізделген. Тәжірибелі тергеуші түрлі қылмыстардың бетін аша жүріп, экстремистік топтың ізіне түседі. Артынша, олардың ірі террорлық шабуыл жоспарлап, мыңдаған адамға қауіп төнгенін сезеді. Сериал сюжеті осылайша  өрбиді. Лаңкестік қауіп салдарынан сатқындық, жауыздық, кешірілмес қателікті бастан өткеріп,  тығырықтан шығар жол іздеген түрлі кейіпкерлер фильмнің мазмұнын аша түседі. Басты рөлдердің бірін танымал актер Берік Айтжанов сомдайды. Ал, сериалды осы сәуір айынан бастап «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу