«Тақиялы періште-2» фильмі жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тақиялы періште-2» фильмі жарық көрді

04.02.2019

Алматыда «Тақиялы періште-2» көркем фильмі көрермендерге жол тартты. Бұл  атақты режиссер Шәкен Аймановтың комедия жанрындағы үздік туындысының жалғасы. Жаңа туынды «Тайлақтың тақиясы» деп аталады. Бұрынғы кинода Тайлақтың анасы ұлына қалыңдық іздеп сабылса, бұл жолы енді Тайлақ немересіне лайықты жар іздейді. Осы арқылы қазіргі қыздардың бет-бейнесі, тәрбиесі көрсетіледі.

Айта кетейік, биыл Шәкен Аймановтың ұлы туындысы «Тақиялы періштенің» жарыққа шыққанына - 50 жыл. Ал, сол фильмде басты рөлді сомдаған Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толады.

Құсман Шалабаев, фильмнің продюсері:

- Сол кездегі дүр еткізген тақиялы Тайлақ қазіргі кезде Әлімғазы ақсақалымыздың көзі тірі. Мақсат - оны қайтадан елімен қауыштыру болды.

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу