АҚШ Президенті қайта сайланғалы үшінші рет Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты тоқтату жайын талқылады. Ұзаққа созылған өзара әңгімеден кейін екі президент те БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасап үлгерді.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Украина мен Ресей арасындағы соғысты бір күнде тоқтатпақ түлігі АҚШ тізгінін қайта қолына алғалы бес ай өтсе де, ресейлік әріптесімен бетпе-бет кездесе алмай жүрген Дональд Трамп бұл жолы тағы да телефон соғуға мәжбүр болды. Екі ел басшылары екі сағаттан аса сөйлескен. Трамп «өзара әңгіменің ауаны мен мәні өте керемет болды» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу мен Киев шұғыл түрде атысты тоқтату мен бейбіт келісім жасау бойынша келіссөздерге кіріседі. Ал осы ретте де екі жақ мәмілеге келе алмаса, АҚШ басшысы арағайын болудан бас тартпақ.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Мен оған: «Біз мұны қашан аяқтаймыз, Владимир?» – дедім. Мен оны көптен бері танимын. «Біз бұл қантөгісті, бұл қырғынды қашан тоқтатамыз?» – деп сұрадым. Бұл нағыз қырғын. Меніңше, ол бұны тоқтатқысы келеді. Бірақ мен оған: «Біз әрекетке көшуіміз керек», – дедім. Сондай-ақ: «Егер сен мұны шеше алмайды деп ойласам, мен шетке шығам. Не істей аламыз? Бізде ол жақта әскер жоқ, болмайды да. Бірақ бұл мәселенің шешілгені біз үшін маңызды дедім.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Путин де өзара әңгімден кейін көп ұзамай ақпарат құралдары өкілдері алдына шығып, АҚШ президентіне Ресей мен Украинаның тікелей келіссөздерді қайта бастауына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Әрі «болашақ бейбіт келісім туралы меморандум» аясында жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.
Владимир Путин, Ресей президенті:
АҚШ президентімен Ресей Украина жағымен болашақ бейбіт келісімге қатысты меморандум әзірлеп ұсынатыны туралы және ол бойынша жұмыс істеуге дайын екені жөнінде келістік. Бұл меморандумда, мысалы, реттеу қағидаттары, бейбіт келісімнің ықтимал жасалу мерзімдері және тиісті уағдаластықтарға қол жеткізілген жағдайда уақытша атысты тоқтату сияқты бірқатар ұстанымдар көрсетіледі.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Украина басшысы Ресей бұл жолы да мүмкін емес талаптар қойып, бейбіт келісім жасасуға шын ниет білдірмесе, санациялық қысымды күшейту керек дейді. Айта кетейік, ресми Мәскеу басты бес шарт қойып келеді. Оның ішінде, Украинаның бестен бір жерін басып алған Ресей сол бес облысты толық өздерінде беруді және оны заңды түрде мойындауды талап етіп табандап тұр. Бұған Украина үзілді-келісілді қарсы. Енді екі жақ та ұстанымдарын қайта қарап, ымыра жасасуға ұмтылмаса, соғысты тоқтатып, бейбіт келісім жасасу қиын болмақ.
Жалғас Сәдібекұлы
