Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
Жамбыл облысы бойынша жалпы саны 160 ветеринарлық пунктің тең жартысы талапқа сай емес. Ал Талас ауданындағы мал дәрігерлері қирап, құлағалы тұрған нысанда жұмыс істеуге мәжбүр. Аққұм ауылдық округіндегі апатты ғимарат 3 жыл бұрын пайдалануға берілген. Бірақ бір жыл өтер-өтпестен іргетасы мен қабырғалары жарылып кеткен. Ал жарықшаларынан жел уілдеп, құм тола бастаған. Салдарынан 8 ветеринар бүлінген нысанның бір бөлмесінде ғана жұмыс істейді. Олар осы окургтегі 20 мың малға ем шараларын жүргізеді.
Пернебек
Қоқымбай, Аққұм ауылдық округі ветпункт меңгерушісі:
Бұл жерде жұмыс жасау мүмкін емес. Өйткені өздеріңіз де көріп тұрсыздар ішкі бетінен сыртқы беті көрініп тұр. Қабырғасының бәрі сөгілген. Енді бұл жер апатты жағдайда болғаннан кейін бұл жерге келмейміз. Тек арғы екі қабырғасы сөгілмеген бөлмелерде уақытша, жаз маусымында, маусымдық көктемдік күздік жұмыстар болатын уақытта, сол кезде ғана уақытша келеміз.
Енді Аққұм
ауылындағы құрылысы сыр берген нысанға қатысты тексеру жүргізілмек. Айта
кетейік, аймақтағы 160 мал дәрігерлік нысанның 75-і талапқа сай келмейді.
Олардың көбі тозған. Ветеринария басқармасы мәселені шешу үшін 2 жылда 75 жаңа
нысан салмақ.
Талғат
Қожабергенов, облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
36 ветеринарлық пункттің жұмысы қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін 44 ветеринарлық пункт ғимараты пайдалануға беріледі деп күтілуде. 2026 жылға 900 миллион теңге қаражат бөлінбек. Қазір құжаттамасының барлығы ауыл шаруашылығы министрлігіне өткізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
