Мектептерде тіс емдеу кабинеттері ашылатын болды
Енді оқушылар мектепте тісін тегін емдете алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметте айтты. Жоба мектептердің медицинасын жаңғырту аясында жүзеге асырылмақ. Айта кету керек, тек мыңнан астам оқушысы бар білім ошақтарында стомотологиялық кабинеттер ашылады. Сондай-ақ бүгінде мектептердегі мейіргерлердің жүктемесін азайту, медициналық-санитариялық алғашқы көмек жанындағы мектеп медицинасы бөлімшелерін ұйымдастыру және мамандардың біліктілігін арттыру сынды бірқатар шаралар іске асырылып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, 2024 жылы оқушылардың 90%-ы профилактикалық тексеруден өтті. Балалардан көбіне ас қорыту, көру, тыныс алу аурулары, сондай-ақ стоматологиялық проблемалар анықталған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04