Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 160 жылдығына орай  «Ғұлама тағылымы» атты көрме басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 160 жылдығына орай  «Ғұлама тағылымы» атты көрме басталды

15.03.2018

Павлодарда Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің мұралары ұрпаққа насихатталуда. Дала көріпкелінің 160 жылдығына орай бүгін Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайында «Ғұлама тағылымы» атты арнайы көрме ашылды. Онда негізінен Баянауыл ауданы, Ескелді жазығындағы мемориалдық музейдегі ғалымның жеке заттары қойылған. Одан бөлек, тарихи жәдігерлерді Алматыдағы «Ғылым ордасы»  сирек қол жазбалар қоры ұсынып отыр. Бұл жәдігерлер негізінен азаматтардың жеке кітапханасында, әулеттік мұрағатта сақталып келген араб және көне парсы тілінде жазылған шығармалары. Ақын жинаған фольклор үлгілері, тарихқа қатысты еңбектері мен қазақ ауыз әдебиетінің туындылары. 

Қарлығаш Қармақбаева, Алматы қаласындағы Орталық ғылыми кітапхананың меңгерушісі:

- Латын тілінде, машинкамен басылған, қолмен жазылған, кириллицаға аударылғаны бар. Бұл құжаттарды неліктен көрсетіп отырмыз? Бұл тарихи құжат саналады. Ол құжаттар әркімнің қолына берілмейді. 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу