Қарағандыда жас күйшілер байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жас күйшілер байқауы өтті

14.03.2018

Қарағандыда бір мезетте 100-ден астам оқушы «Тепенкөк» күйін орындады. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Үкілі домбыра» қалалық күйшілер байқауында жас домбырашылар осылайша тыңдармандарын тәнті етті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға шаһардағы мектептердің оқушылары қатысты. Байқау шарты бойынша өнерпаздар ансамбль құрамында және домбырада жеке ойнаудан бақ сынады. Жеке орындаушылар 6 мен 16 жас аралығында үш топқа бөлініп сайысқа түсті. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болды. Биыл жергілікті бюджеттен 120 млн. теңге қаражат беріліп, білім ошақтарына музыкалық аспаптар алынды. Соңғы 10 жылда бұл бағытта мұндай қомақты қаражат бөлінбеген еді.

Раиса Кенешова, қалалық Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Өзіміздің ұлттық дәстүрімізді көрсету, дәріптеу, қадірлеу, жас жеткіншектерді патриоттық тәрбиеге баулуға арналған іс-шара болып табылады. Домбыраның құдіретін, жас өрендердің күй тарту дағдыларын қалыптастыру мақсатында балаларымызды жинап отырмыз.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу