Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
Жаһанды жанарына сыйғызған алғашқы қазақ. Бүгін қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды. Мерейтой иесін Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтады. Президент құттықтау хатында қаһарманды халқы айрықша қадірлейтінін айтып, жеткен тарихи жетістіктерін тұтас ел үлгі тұтатынын жазған. Сондай-ақ игі-тілек білдірген. Салтанатты іс-шараға аэроғарыш саласының, Қарулы күштер мен Генералдар кеңесінің өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік ғарышкер-ұшқыштар, сынақшы-ұшқыштар, инженерлер мен конструкторлар қатысты. Олардың бәрі Тоқтар Әубәкіровті мерейтойымен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.
Айдын Айымбетов, ғарышкер, Халық қаһарманы:
Тоқтар Оңғарбайұлы жастар үшін үлгі-өнеге. Оған қарап бой түзеп, ұшқыштардың бірнеше буыны өсті, қалыптасты. Мен үшін де солай. Оның ғарышқа ұшып келуінің өзі менің өміріме тікелей әсер етті. Оның тарихи жетістігін тұтас әлем біледі.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18