2024 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде орташа айлық жалақы 423 133 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7%-ға жоғары. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, айлық жалақы ең көп өскен аймақтар арасында Атырау, Маңғыстау, Ұлытау және Қостанай облыстары, сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары бар.
Салалар бойынша ең жоғары жалақы көрсеткіштері ақпарат және коммуникациялар секторында, ауыл, орман және балық шаруашылығында, сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында тіркелді.
Аймақтар бойынша орташа жалақы:
Атырау облысы – 643 234 тг
Маңғыстау облысы – 621 320 тг
Ұлытау облысы – 599 046 тг
Астана – 563 309 тг
Алматы – 518 857 тг
ШҚО – 404 799 тг
Павлодар облысы – 399 489 тг
Қарағанды облысы – 398 805 тг
Ақтөбе облысы – 385 569 тг
БҚО – 361 848 тг
