Түркістан облысында ғасыр жасаған ардагерге құрмет көрсетілді
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Түркістан облысында 101 жастағы ардагерге құрмет көрсетілді. Ордабасы ауданының Темірлан ауылында тұратын майдангер ақсақал Қалмен Мұратұлына облыс прокуроры мен Полиция департаментінің басшысы және жас сақшылар барып, мерекемен құттықтады. Соғысқа небәрі 18 жасында аттанған ардагер бірнеше шайқасқа қатысып, Беларусь майданында неміс басқыншыларымен ұрысқа түскен. Ал 1944 жылы Витебск қаласының маңында болған қырғын соғыста сол қолынан жараланып, госпитальға түседі. Осылайша елге ІІ-ші топтағы мүгедек болып оралған. Қарт майдангер кездесуге келген жас сақшыларға өзінің бастан кешкен оқиғаларын айтып өтті. Өскелең ұрпаққа батасын берді.
Қалмен Мұратұлы, ардагер:
Бейбітшілік заман бола берсін. Дендерің сау болсын. Ешқандай жаманшылық болмасын!
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49