БҚО-да тыл ардагеріне көмек берілді
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында 91 жастағы тыл ардагері тұрады. Мағрипа Қалиева 1942 жылдары аудандағы теміржол станциясын жау ұшағы бомбалағанда 8 жаста болған. Жарылыс дүрсілін, ұшақ гүрілін естіп өскен. Үлкендер балаларды шұңқырларға апарып, жасырған. Кейуана соғыс кезінде балалардың да жұмысқа тартылғанын, аштық көргенін айтады. Жалпы, өңірде 2 мыңға жуық тыл ардагері бар. Солардың 18-і соғыс оты шарпыған Бөкей ордасы ауданында тұрады. Жеңіс күні қарсаңында оларға мерекелік төсбелгі мен 50 мың теңге бірреттік көмек берілді.
Мағрипа Қалиева, тыл ардагері:
Бомба түсіп жатқан уақытта кішкентаймыз ғой, тығылып жүреміз. Тарсылдағанда зәреміз ұшып кетеді, дүңкілдеп жатады. Жымиық та жедік. Тары тауып, оны да жедік. Жемегеніміз жоқ, ол уақытта аштық болды ғой. Әкем соғыста болды. Бір аяғынан айырылып, келгенде аяғы кесіліп, үйде жатты.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49