Соғыс ардагерлеріне берілетін әлеуметтік төлем көбейді
Жеңістің 80 жылдығының қарсаңында 109 ардагерге жалпы сомасы 545 миллион теңге берілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, жыл соңына дейін бірреттік көмектен бөлек тағы бірнеше әлеуметтік төлем түрлері қарастырылмақ. Атап айтсақ, коммуналдық қызметтерді өтеу үшін 193 мыңнан астам ардагерге барлығы 2 жарым миллиард теңге беріледі. Үй жөндеу жұмыстарына 61 адамға 21 миллион теңге, отын сатып алу үшін 342 адамға 14 жарым миллион теңге төленеді. Сондай-ақ тіс емдеуге 3 жарым мың ардагерге жалпы алғанда 441 миллион теңге, дәрі-дәрмек алуға 3 мыңдай адамға 48 миллион теңге бөлінеді.
Асқар Аймағанбетов, ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры:
Қалған санаттағы Ұлы Отан соғысына үлес қосқан, яғни тыл еңбеккерлері басқа да санаттағы категориялардың барлығына қатысты. Өткен жылдары, мысалы, мөлшері төмендеу болды. Ал биылғы жылы 50 мыңнан 200 мыңға дейінгі мөлшерде біржолғы көмек көрсетілді.
Жанель Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49