«Kinopark 8 IMAX Saryarka» кинотеатрына - 10 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kinopark 8 IMAX Saryarka» кинотеатрына - 10 жыл

20.02.2018

Астанада IMAX форматында ашылған көпзалды кинотеатрға - 10 жыл. Бұл күндері «Kinopark 8 IMAX Saryarka» өзінің мерейтойын атап өтуде. Осыған орай, елорда тұрғындары мен қонақтарына салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, сыйлықтар ұсынылды.

Театр ұжымы өздері үшін айтулы күнді елеусіз қалдырған жоқ. Кинотеатрдың туған күнінде елімізге белгілі өнер және спорт жұлдыздары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, қызықты ойындар және актерлермен кездесу ұйымдастырылды. Жеңімпаздар «Сарыарқа» сауда орталығы мен «ALSER» цифрлы дүкендер желісінің бағалы сыйлықтарына ие болып, фильмдерді жеңілдікпен тамашалауға мүмкіндік алды. 

Дмитрий Зырьянов, «Alser» компаниясының Астана қаласындағы өңірлік директоры:

- Өз атымнан және компания атынан «Сарыарқа» кинотеатрын 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. Театр ұжымына толайым табыс, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз. Бүгін біз кинопарктың белсенді үш көрерменіне сандық теледидар тарту етеміз. «Сарыарқа» кинотеатрына және бізге қашан да келіп тұрыңыздар.

Бүгінде бұл кинотеатр жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, жаңа трендтерді қалыптастырып келе жатыр. Мұнда саладағы соңғы технологиялар қолданылады. Тіпті, мінсіз жоғарытехнологиялық IMAX және соңғы үлгідегі лазерлік проектормен жабдықталған кино залы бар. «Kinopark 8 IMAX Saryarka» -  көрермендері үшін барлық жағдайды жасаған.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Бұл еліміздегі нөмірі бірінші кинотеатрлардың бірі. Қазақстан бойынша көптеген қалаларда бар. Астанада ең ұнайтыны «IMAX 8 Saryarka» кинотеатры. Өйткені, бұл жерде заманауи дәрежедегі IMAX және ФЕРСТ КЛАСС деген залы бар. ФЕРСТ КЛАСС -  жайлылықты, жоғары дәрежедегі сервисті қалайтындар үшін арнайы ашылған.

Әр дүйсенбі және сейсенбі күндері келушілер үшін арнайы ұсыныстар қарастырылған. Бүгінде «Кинопарктың» нарықта өзіндік орны бар. Оған сандар дәлел. Жыл сайын алты миллионнан астам адам бос уақытын «Кинопарк» кинотеатрларында өткізеді.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу