Астанадағы «Kinopark 8 IMAX Saryarka» кинотеатры 10 жылдығын атап өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Kinopark 8 IMAX Saryarka» кинотеатры 10 жылдығын атап өтуде

19.02.2018

Астанада IMAX  форматында ашылған көпзалды кинотеатрға - 10 жыл. Бұл күндері «Kinopark 8 IMAX Saryarka» өзінің мерейтойын атап өтуде. Осыған орай, елорда тұрғындары мен қонақтарына салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, сыйлықтар ұсынылды.

Кинотеатрдың туған күнінде елімізге белгілі өнер және спорт жұлдыздары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, қызықты ойындар және актерлермен кездесу ұйымдастырылды. Жеңімпаздар «Сарыарқа» сауда орталығы мен «ALSER» цифрлы дүкендер желісінің бағалы сыйлықтарына ие болып, фильмдерді жеңілдікпен тамашалауға мүмкіндік алды.

Дмитрий Зырьянов, «ALSER» компаниясының Астана қаласындағы өңірлік директоры: 

-Өз атымнан және компания атынан «Сарыарқа» кинотеатрын 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. Театр ұжымына толайым табыс, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз. Бүгін біз кинопарктың белсенді үш көрерменіне сандық теледидар тарту етеміз. «Сарыарқа» кинотеатрына және бізге қашанда келіп тұрыңыздар.

Бүгінде бұл кинотеатр жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, жаңа трендтерді қалыптастырып келе жатыр. Мұнда саладағы соңғы технологиялар қолданылады. «Kinopark 8 IMAX Saryarka» көп жылдан бері IMAX және 3D форматында үздіксіз жұмыс істеп келеді.

Тәуекел Мүсілім, актер:

-Бұл еліміздегі нөмірі бірінші кинотеатрлардың бірі. Қазақстан бойынша көптеген қалаларда бар. Астанада ең ұнайтыны «IMAX 8 Saryarka» кинотеатры. Өйткені, бұл жерде заманауи дәрежедегі  IMAX және «First Class» деген залы бар. «First Class» -  жайлылықты, жоғары дәрежедегі сервисті қалайтындар үшін арнайы ашылған.

Әр дүйсенбі және сейсенбі күндері келушілер үшін жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінде кинопарктың нарықта өзіндік орны бар. Оған сандар дәлел. Жыл сайын жарты миллионнан астам адам бос уақытын осы кинотеатрда өткізеді.     

Досымжан ЕРМҰРАТ       

Хабарламаларға жазылу