Kinopark 6 Keruencity-ге 10 жыл! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Kinopark 6 Keruencity-ге 10 жыл!

26.01.2018

Астанада ең бірінші ашылған көпзалды кинотеатрға - 10 жыл. «Kinopark 6 Keruencity» өзінің мерейтойын атап өтуде. Осыған орай елорда тұрғындары мен қонақтарына салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, сыйлықтар ұсынылды.

Kinopark 6 ұжымы өздері үшін айтулы күнді елеусіз қалдырған жоқ. Кинотеатрдың туған күнінде халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған жас өрендер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай ақ, қызықты ойындар және актерлермен кездесу ұйымдастырылды. Ал, келушілер мерекеге орай фильмдерді жеңілдікпен тамашалауға мүмкіндік алды.

Олжас Әлжанов, актер:

- Қазір Қазақстанда ең белсенді кинотеатр желілерінің бірі. Ол өте жақсы, ауқымды. Кинопарктың өз орны бар. Сондай-ақ, айтып кетейін, бүгін біз Фархат Әбдірайымовтың «Все по любви» киносының тұсаукесерін жүргізіп жатырмыз.

Бүгінде бұл кинотеатр жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, жаңа трендтерді қалыптастырып келе жатыр. Мұнда саладағы соңғы технологиялар қолданылады. Елімізде ең алғашқылардың бірі болып, лазерлі проектр іске қосылған.

Бақытжан Апизов, «Кинопарк» компаниясының өңірлік директоры:

- Біздің барлық залдарымыз цифрлық проектрлермен жабдықталған. Сондай-ақ, жайлылығы жоғары VIP-залда лазерлі технология қолданылады. Кинопарк ұжымының басты ұстанымы - көрермендердің көңілінен шығып, жоғары деңгейде қызмет көрсету.

Әр дүйсенбі және сейсенбі күндері келушілер үшін жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінде «Кинопарктың» нарықта өзіндік орны бар. Оған сандар дәлел. Жыл сайын кинотеатрға жарты миллионнан астам адам келіп, демалады.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу