«Astana Cup» бәйгесінің жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Astana Cup» бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

«Astana Cup» бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Сондай-ақ «Astana Cup» бәйгесінің жеңімпаздары да анықталды. Елорда іргесіндегі «Қазанат» атшабарында 100-ден аса сәйгүлік 1 шақырымнан бастап 18 шақырымға дейінге қашықтықта бақ сынады. Жүлде қоры 120 млн теңге. Ауқымды ат жарысы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған. Ел назарын аудартқан аламан бәйгеде көптің ішінен қара үзіп, Абай облысының жүйрігі бірінші болып келді. Екінші орынды Алматы облысының «Көкдауыл» арғымағы еншілесе, Жамбыл облысының «Тасқын» атты тұлпары үздік үштікті түйіндеді.

Ернұр Медет

Бөлісу