Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме өз жұмысын бастады. Нұрлы жол вокзалында өткен шарада Қазақстан халқының сұрапыл соғысқа қосқан үлесі - суреттер арқылы баяндалды. 4 блоктан тұратын экспозицияда тыл еңбеккерлері мен панфиловшылардың ерен ерлігі түсірілген 80-ге жуық сирек фото қойылған. Сурет авторларының есімі сақталмағандықтан зерттеу жалғасуда. Алда әлі де естеліктер табылуы мүмкін. Аталмыш шара жас буынға бейбіт күннің құндылығын ұғындырып, тарихты құрметтеуге үндейді. Көрмені 31-шілдеге дейін тамашалауға болады. 

Нағашыбек Алдан, Kazinform ақпараттық агенттігі атқарушы директорының орынбасары:

Қолымызға мыңдаған суреттер жиналды. Оның ішінде, біз осы көрмеге деп арнайы тек 80 суретін шығардық. Көрме 31-шілдеге дейін осында тұрады. Қала қонақтары мен тұрғындар көре алады. Одан бөлек, бүкіл Қазақстанның әуежайлары мен теміржол вокзалдарында видео нұсқасы таратылады.

Динара Жарқынбек

Бөлісу