Ұлттық ұлан Жеңістің 80 жылдығын ерекше акциямен бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ұлан Жеңістің 80 жылдығын ерекше акциямен бастады

03.05.2025

Астанада Ұлттық ұлан Жеңістің 80 жылдығын патриоттық акциямен атап өтті. Мерейлі күнге орай 80 сарбаз алып алаңда батылдық пен ерліктің символы — жұлдызды іс-қимылмен суреттеп, жұлдыз пішінінен «80» санын бейнеледі. Бірегей қойылым оркестрдің сүйемелдеуімен және Ерлер хорының «Жеңіс күні» әнін жанды дауыста орындауымен жүзеге асты. Мерекелік композиция астаналық бригаданың саптық алаңын асқақ рух пен отансүйгіштікке толы атмосфераға бөледі.

Әлібек Әбділов, Ұлттық ұланның ресми өкілі:

Алып алаңда сексен санын құрап, сап түзеген 80 ұландық сарбаз бізге бейбіт күннің бағасын ұғындырды және 80 жыл бұрын адамзатқа жеңіс сыйлаған батырларды еске салды. Құрмет қаруы ротасы көрсеткен жұлдыз бейнесінен ерліктің символы байқалады. Мұның бәрі жай ғана көрініс емес, жеңімпаз ұрпаққа деген ризашылықтың көрінісі болды.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу