Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі Мәскеуде табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі Мәскеуде табысталды

Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі Мәскеуде табысталды

Мәскеуде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер Петр Оконечниковтың сүйегі табысталды. Жауынгер - Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданының тумасы.  Қазақстаннан әскери қызметке шақырылған. Соғыста бортрадист, 8-ші авиациялық полкінің сержанты болғаны анықталды. Іздеу тобы Ресейдің Чукот автономды округінде апатқа ұшыраған Дуглас Си-47 ұшағының фрагменттерін тапты. Апат болған жерді тексеру кезінде экипаж мүшелерінің ұшу карталары, сондай-ақ Петр Оконечниковтың қазақ тілінде толтырылған Комсомол билеті табылды.

Индира Бегайдар

Бөлісу