Жазушы Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті
Бүгін елордалықтар қазақ әдебиетінің абыз ақсақалы, қаламын қару еткен қайраткер жазушы Әкім Таразимен қоштасты. Қаралы жиынға марқұмның туған-туыстары, зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айту хатын оқып берді. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған сөз зергерін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, замандастары оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Қоштасуға келген жұртшылық Әкім Тарази жайлы жылы сөздерін айтып, өлшеусіз еңбегін елге үлгі етті.
Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:
Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18