Елімізде ұлттық кітап күні тұңғыш рет атап өтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ұлттық кітап күні тұңғыш рет атап өтілді

23.04.2025

Елімізде тұңғыш рет аталып өтіп жатқан ұлттық кітап күні сияқты мерекелер көптеген елдерде бар. Қазақстан осы әлемдік трендке ілесіп жатыр. Бұл – қоғамның, әсіресе жастардың мәдени және рухани дамуына жасалған маңызды қадам. Бүгінгі мерекенің мән-маңызы мен месседжі қандай? Тілші таразылап көрді.

Қазақтың қаймағы деп саналған қайреткерлердің арасында қойшының баласы көп. Бірақ, сол қойшылар кім еді? Қырда жүрсе де, қиырдағы ілімнің ізін шолып, гәзет-жорналды үзбей оқып, кеудесіне тұтас бір кітапхана сыйып кететін қазыналы адамдар еді. Бұл - кітап оқу мәдениеті қалыптасқан заман. Қазір ше? Жылдап оқыған, тоқыған дүниеңді жасанды интеллект сұрыптап, мазмұнын қас-қағымда алдыңа тосады. «Дайын асқа тік қасық». Бірақ, жеңілдің үстімен жүрмей, керісінше, кітап оқитын ұлтқа айналу ұтымды жол. Сондықтан, елдің назарын кітапқа бұратын мереке белгіленді.

Маралтай Райымбекұлы, ақын:

Бұл өте қолдайтын дүние. Өйткені, дүниенің бастауы - кітап.  Бұл кітапсыз адамзат ешқайда аттап баса алмайды, бара алмайды. Өзін өзі сыйлаған адамзат баласы кітапқа үңілуі міндетті парызы. Сондықтан да ҚР президенті ҚЖТ бастамасы дер кезінде, қолға алынған дүние деп ойлаймын.

Ұлттық кітап күнін күнтізбеге енгізу ұсынысын айтқандардың бірі депутат – Айдос Сарым. Президент пәрмен беріп, әрімен қарай ұлттық сипатқа ие болған күннің мән-маңызы тереңде дейді ол.

 Айдос Сарым, Қр Парламенті мәжілісінің депутаты:

Меніңше осындай дүниелер арқылы біз еліміздің интеллектуалдық потенциалын, басқасын оятуға мүмкіндік аламыз. жалпы, енді кітап оқығандар, телевизор көретіндерді басқарады деген заман, сондай максима бар. Меніңше, сол жөнге келетін сияқты.

«Оқымайтын адам мен оқи алмайтын адамның айырмашылығы жоқ»,- депті бір данышпан. Сондықтан, біз жаппай кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек. Президент осындай үндеу айтып, елді ілімнің ізін шолуға шақырған еді.

 Сымбат Бауыржанқызы, Қосшы қаласының орталық кітапханасының басшысы:

Бұл оқитын ұлттың, кітап оқу мәдениетін жоғарылатуға септігін тигізбесе, кері әсері болмайды деп сенемін. Кітапханашалыардың, кітапханалардың қазақ жазушыларының, ақындарының, баспа ісінің алға қарай ілгерілеуні өзінің зор деп ойлаймыз.

Бұл мерекені атап өтудің шартты форматы жоқ. Ең бастысы - кітап оқу сәнге айналып, кітап оқу мәдениеті одан әрі дами түссе игі.

Азамат Бейбітұлы, тілші:

«Бойың жетпеген жерге ойың жетеді». Ал ой кемелденсін десеңіз, кітап оқу керек. Оқуды тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады деген тәмсіл бекер айтылмаса керек. Өркениет баспалдағымен биіктетіп, санаңды сатылатып өсіретін адамзаттың ең абзал досы да – осы ақылына ақы сұрамайтын кітап ғана».

Азамат Бейбітұлы 


Хабарламаларға жазылу