64 маман үздік педагог атанды
Бүгін Қазақстанның «Үздік педагогтері» де марапатталды. Осындай атаққа ие болған 64 маманның төсіне Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова медаль тағып, құттықтады.
2012 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан сайысқа білім беру ұйымдарында бес жыл үздіксіз еңбек өтілі бар мамандар қатысады. Конкурс барысында педагогтердің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі, жұмысының тиімділігі мен кәсіби шеберлігі ескеріледі. Биыл республикалық байқаудың іріктеу кезеңіне 1468 педагог қатысып, ақтық кезеңге 174 ұстаз жолдама алған. Оның ішінен 64-і үздік атанды.
Тоғжан Лаубай, «Үздік педагог» атағының иегері:
«Үздік педагог» атағын алғаннан кейін жауапкершілігі де бір артқандай болады. Одан да қатты шабыттанып, одан да қатты зерттеулерді қажет ететінін сезінгендейміз. Білесіз, ұстаздардың еңбегі – ерен. Жұмысы да оңай емес. Дегенмен бізді көрген ұстаздар, олардың да көздері жанса екен дейміз. Біз де осындай мінберге жете алатынымызға сенсе екен. Солардың сезім-үмітін оятқымыз келеді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06