Париждегі Астана күндері «Азия дауысы» атты гала концертпен аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждегі Астана күндері «Азия дауысы» атты гала концертпен аяқталады

16.10.2014
Париждегі Астана күндері «Азия дауысы» атты гала концертпен аяқталады

31 қазан мен 3 қараша аралығында Франция астанасы Париж қаласында Астана күндері өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Елордалық делегация жұмыс сапары аясында француз әріптестерінің білім, мәдениет, қала құрылысы және т.б. салалардағы тәжірибесін зерттейді.

Парижде Астана күні аясында дөңгелек үстелдер өткізу, мәдениет пен білім беру нысандарын аралау, жергілікті Заң шығару кеңесінің депутаттарымен кездесу көзделген.

Сонымен қатар, көшпелілердің мәдениетімен және тұрмысымен таныстыру мақсатында «Қазақ ауылы» экспозициясы ұйымдастырылады.

Париждегі Астана күні 2 қарашада «Опера Бастилия» театрында өнер шеберлерінің «Азия дауысы» атты гала-концертімен аяқталады.

Айта кетейік, Париж театрында тек «Оперы Бастилия» ұжымы ғана өнер көрсетеді, мұнда басқа театрлармен бірлескен қойылымдар өте сирек қойылады. Театр дирекциясының атап өтуінше, тарихта алғаш рет шетелдік труппа «Оперы Бастилия» сахнасында Париж труппасынан бөлек өнер көрсетпек.

 

Хабарламаларға жазылу