БҚО-да жол апатынан екі жасөспірім қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі жасөспірім қаза тапты. Оқиға Бәйтерек ауданында «Переметное-Белес» тасжолында болды. Арнайы техника мен жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік тізгіндеген 9-сынып және оның қасындағы 11-сынып оқушысы қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды. Жыл басынан бері өңірде 271 жол апаты тіркелген. 15 адам қаза тауып, 412 тұрғын түрлі жарақат алған.
Нұржан Қуанғали, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Жеңіл көліктің, яғни «ВАЗ-2110» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі таңда осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмай, әрдайым бақылауда ұстауды сұраймыз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17
«Қайнар – АКБ» аккумулятор зауытына 50 жыл
21.09.2026, 17:15
Рудный қаласының батыс айналма жолы толық жөнделді
21.09.2026, 17:12
Ақмола облысында жаңа көпірдің құрылысы аяқталды
21.09.2026, 17:10
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалы жаңартылды
21.09.2026, 17:07
Жетісу облысында машинист бүлдіршінді аман алып қалды
21.09.2026, 17:05
Құлсарыдағы көлік апатынан 3 адам зардап шекті
21.09.2026, 17:03