Әскери қызметші Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырым жол жүгірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әскери қызметші Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырым жол жүгірді

Әскери қызметші Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырым жол жүгірді

Астанада әскери қызметші Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырым жол жүгірді. 31/775 әскери бөлімінің сержанты Тимур Ержанов бұл марафонды майданда қаза тапқан батырлар мен бүгінде көзі тірі ардагерлерге арнады. 7 сағат 21 минут 11 секундқа созылған марафон кезінде, оған әріптестері қолдау көрсетті. Мәре соңында оны әскери бөлім басшылығы құрметпен қарсы алды.

Тимур Ержанов, 31775 әскери бөлімінің сержанты:

Ұлы Отан соғысы, жеңістің 80 жылдығына 80 шақырымға ақпаннан бастап дайындалдым. Демалыста болдым 15 күн. Ол уақытта күнде жүгіріп, үйден жұмысқа күнде жаяу жүрдім.

Динара Жарқынбек


Бөлісу