Екі ел университеті бірлескен оқу бағдарламасын әзірлейді
Қызылорданың Қорқыт ата университеті мен Сеул ұлттық ғылым және технология университеті бірлесіп, ІТ мамандарын даярлап шығармақ. Оңтүстік Кореядағы жоғары оқу орнының басшылары мен профессорлары Қызылордаға келіп, қос диплом бағдарламасы бойынша оқу бағдарламасын талқылады. Келешекте студенттердің екі елде білім алуына жағдай жасалмақ және оқытушылар құрамы да өзара тәжірибе алмасып, бірлескен зерттеу жобаларын әзірлейтін болады.
Дон Хван Ким, Сеул Ұлттық ғылым және технология университетінің президенті:
Осы жылдан бастап ІТ мамандығы бойынша қос диплом бағдарламасымен оқытуды бастаймыз. Талапты білімпаз жастар іріктеліп, екі жыл Қорқыт ата университетінде, екі жыл Кореяда Сеул ұлттық ғылым және технология университетінде білім алатын болады. Бұл бастама қазақ жастарының әлемнің озық технологияларын меңгеруіне жол ашады.
Рауза Мендалиева, Ғылым және жоғары білім министрлігінің басқарма басшысы:
Президенттің тапсырмасы аясында 3 жыл болды, осы шетелдік университеттерді Қазақстанға алып келіп, олармен стратегиялық әріптестік орнатып жатырмыз. Шетелдік университет біріншіден қос дипломды бағдарламадан бастайды және де нәтижесін көргеннен кейін филиал деңгейіне көтеріледі.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар талқылауда
11.02.2026, 21:34
Қыс әлегі: Жамбыл облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды
11.02.2026, 20:18
Әлем жаңалықтарына шолу
11.02.2026, 20:17
Ипотека нарығына өзгеріс енгізіледі
11.02.2026, 20:16
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына 36,8 млрд теңге бөлінді
11.02.2026, 20:15
Қысқы Олимпиада ойындарының 5-күні
11.02.2026, 20:12
Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін
11.02.2026, 20:12
Әскерден келгендер университетте тегін білім алып жүр
11.02.2026, 20:11