Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні. Салада 25 мыңнан астам адам еңбек етсе, соның тең жартысы 40 жасқа толмаған жас зерттеушілер. Көбі — медицина, экология, энергетика, ІТ сынды маңызды салаларда жаңалық ашып, қоғам игілігіне қызмет ететін жобалармен айналысып жүр.
Бұл табиғи ашытқы көбіне Европада қолданылады. Химиялық қоспасы бар өніммен салыстырғанда асқазанға жеңіл, тез қорытылады және пайдалы бактерияларға бай. Отандық колледж студенттері алғашқы болып, бұл табиғи ашытқыны патенттеп, ресми тіркеді.
Еркебұлан Махмұтов, Жас ғалым:
Бұл өте пайдалы. Асқазанда жақсы қорытылуға пайдалы. Неше түрлі аурулар болуы мүмкін. Бұл захваскадағы нанымыз тез қорытылады.
Дәл осындай ерекше өнертабысы бар ғалымдар аз емес. Зерттеу ұйымдарының табысы соңғы бес жылда 40 млрд теңгеден асып, қазынаға 10 млрд салық түскен. Ғылымға бөлінетін қаржы 3,5 есе артты. Жас зерттеушілерге қолдау күшейді. Мемлекеттік грант көбейді.
Жайық Тоқтаров, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары:
Өткен жылдан бері Министрлік пен отбасы банктің жасаған келісімшартқа сәйкес, жеңілдетілген несие дейміз. Сол бойынша жалпы Қазақстанда 290 пәтер берілді.
Ал бұл қолдау шаралары – отандық ғылымның болашағына салынған инвестиция. Ондағы жетістіктер Қазақстанның әлемдік ғылыми аренада танылуына ықпал ететіні сөзсіз.
Айя Мүтәлі
