Қазақстан контингенті Голан жоталарын минадан тазалауда
БҰҰ миссиясы құрамындағы Қазақстан контингентінің инженерлік-саперлік тобы Голан жоталарын қауіпті заттардан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бітімгерлер көп мөлшердегі жарылғыштар мен қару қалдықтарын тапқан. Тек биыл сегіз айда 32 жедел тапсырманы орындап, мыңнан астам қауіпті зат, оның ішінде 23 қолдан жасалған құрылғыны жойған. Бейбіт тұрғындарға қатер әкелетін жарылғыштар Сирия аумағындағы қарулы қақтығыстардың салдарынан пайда болған. Саперлер оларды көбіне елді мекендерге жақын жерлерден анықтаған. Сондықтан қазақстандық контингенттің кәсіби жұмысы нәтижесінде бейбіт тұрғындарға төнетін қауіп деңгейі айтарлықтай төмендеп отыр.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17