Павлодарда «Жасыл квиз» іс-шарасы өткізілді
Бүгін халықаралық волонтерлер күні. Айтулы дата 1985 жылы БҰҰ-ның бастамасымен күнтізбеге кіргізілді. Осыған орай бүгін Павлодар облыстық «Жасыл ел» штабы колледж студенттері арасында «Жасыл квиз» деп аталатын іс-шара өткізді. Қатысушылар ойындар мен тапсырмалар арқылы волонтерлік жұмыстың маңыздылығын талқылады. Бүгінде Ертіс-Баян өңірінде еріктілер қозғалысы белсенді дамып келеді. Әр ауылда волонтер қайырымдылық қызмет атқарады. Тіпті, олар мемлекеттік маңызы бар істерге ерікті ретінде үлес қосып жүр. Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғалы бері волонтерлар саны күрт өсті.
Гүзел Қапенова, «Жасыл ел» облыстық штабының менеджері:
Қазақстандағы әр жасөспірім біз үшін эковолонтер болып келеді. Осы іс-шара барысында осы жоспар арқылы олар өздерінің Қазақстанда экологиялық тазалық бойынша өздерінің ойларын дамытып, иедеяларын береді.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16