Басты Жаңалықтар Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына енді

Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына енді

Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді. Ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық. Ол 345 рет жеңіске жеткен. Кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42 рет жеңген. 37 қарсыласын нокаутқа жіберген. 

Ұзақ уақыт бойы pound-for-pound рейтингінің көшін бастады. Кәсіпқой мансабында WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін иеленді. HBO арнасымен, DAZN  халықаралық спорттық стриминг қызметімен келісімшарттарға қол қойып, бокс әлеміндегі басты жұлдыздардың біріне айналды. Оның шабуылшы стилі мен орта салмақтағы үстемдігі әлемдік аренадағы мәртебесін асқақтатты. Тоғыз жылға созылған қатарынан 23 нокауттан тұратын жеңісті жолы - дивизион тарихында ең ұзақ сериялардың бірі болды. Сонымен қатар ол орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін 21 рет сәтті қорғап, рекорд жасады.


Бөлісу