Депутат: Қазақстан 4-ғарышкерді ұшыруы керек
Қазақстан ел тарихында 4-ғарышкерді космосқа ұшыруды көздейді. Байқоңыр ғарыш айлағына жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттары отандық ғалымдармен кездесіп, ғарышты игеру бойынша бірқатар жобаларды талқылады.
Қазақстан иелігіндегі «Бәйтерек» кешенін дамыту бағытында бүгінде үлкен жоба қолға алынған. Онда 150-ден аса маман қызмет етеді. Қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов биыл кешеннен алғаш отандық зымыран ұшырылатынын жеткізді. Сондай-ақ әлі де техникалық қажеттіліктерді жаңалау үшін арнайы бағдарлама әзірленіп, құжат Парламент қарауына жіберілген. Жиын барысында депутаттар төртінші қазақ ғарышкерін ұшыру мәселесін көтеріп, оны да жобаға енгізуді сұрады.
Болат Керімбек, Мәжіліс депутаты:
Ресей тарапынан ғарышкерлерді оқытатын білім орындары бар. Олар бізге тегін көмек көрсетуге дайын. Ең бастысы біз Қазақстан тарапынан арнайы бағдарлама жасап, мамандарды жасақтап, өзіміздің қазақстандық ғарышкерлерді шығару жоспарда бар екендігі жөнінде сөз қозғалды.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы ғылым мен білімге жаңа серпін береді
04.03.2026, 13:22
Жаңа Конституция жобасы: Адам құқығы мен қауіпсіздігіне басымдық беріледі
04.03.2026, 13:21
Референдумды 18 мыңға жуық байқаушы қадағалайды
04.03.2026, 13:21
Иран Ормуз бұғазын толық бақылауға алғанын мәлімдеді
04.03.2026, 13:17
Медина және Жиддадан 500-дей жолаушы елге оралды
04.03.2026, 13:16
Қазақстанда детектив мамандар пайда болуы мүмкін
04.03.2026, 13:14
Қазақстан саммитте экологиялық жобаларды ұсынуға дайын
04.03.2026, 13:03
Жаңа Конституция жобасы – мемлекеттің жаңа бағыты
04.03.2026, 10:26